1/21

Төрағаның үндеуі

 

Қазақ мақта қауымдастығының сайтына қош келдіңіздер! Қазақстандағы мақта шаруашылығының ұзақ тарихы бар, ал бүгінде егемен еліміздің бұл саласы қайта жанданып келеді. Екі мыңыншы жылдардың басында мақта отырғызу алаңдарының 200 мың гектарға дейін ұлғаюы, ал кейіннен саланың құлдырауы бірқатар объективтік және субъективтік себептермен айқындалады.

         Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шитті мақтаны өсірудегі қызығушылығы, нарықтың қолайлы ахуалы, мақтаға деген тұрақты сұраныс, мемлекеттік қолдау шаралары 2016-2017 жылдары мақтаны даярлау көлемін көбейтудің негізгі факторлары болып табылады.

         Дегенмен шешілмеген мәселелер мақта шаруашылығының тиімділігін арттыруға келеңсіз әсер етеді.

         Осы мәселелердің барлығын шешу үшін агротехнологияны жетілдіру, жоғары сапалы тұқымның үлесін көбейту, минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы топырақтың құнарлығын арттыру, ылғалды сақтайтын технологияларды жаппай енгізу, ауыл шаруашылық кооперативтерді құру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

         Мақта қауымдастығы барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтастық  орнатуға әрдайым дайын.

 

 

Сайын Рысбайұлы Бақтыбаев

«Қазақ мақта қауымдастығы» ЗТБ бірлестігінің төрағасы

 

«Қазақ мақта қауымдастығы» ЗТБ мақсаты мен міндеттері

Қауымдастықтың мақсаты мақта өнімін өндірумен, қайта өңдеумен және сатумен айналысатын Қауымдастық мүшелерінің жарғылық міндеттерді орындауы үшін барынша қолайлы ахуал жасау болып табылады.

 

Өз мақсатына қол жеткізу үшін Қауымдастық:

- ерекше маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас құрғанда, өз қатысушыларының мүдделерін білдіреді;

- ауыл шаруашылығы және жеке кәсіпкерлік салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;

- мақта саласындағы өндірістік көрсеткіштердің шоғырландырылған есебін жүзеге асырады;

- мемлекеттік органдармен дауласқанда, өз қатысушыларының жағында соттарға қатысады;

- мемлекеттік органдардың ақпаратын қабылдайды және оны өз қатысушыларына ұсынады;

- мемлекеттік органдарға мақта саласы бойынша жинақталған ақпаратты ұсынады.

© 2018 ОЮЛ "Казахская хлопковая ассоциация"

info@cottoninion.kz

longstaple-banner.jpg